Оқиға • 10 Тамыз, 2021

Ақмола облысының тұрғыны 40 кг «гашишпен» ұсталды

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының тұрғынынан 40 кг «гашиш» табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысының тұрғыны 40 кг «гашишпен» ұсталды
 

«7 тамыз күні есірткіні жеткізу мен сату арнасына тосқауыл қоюға бағытталған жедел іздестіру іс-шарасы кезінде 37 жастағы ер адам ұсталды. Оны тексеру барысында 2 келі гашиш тәркіленді. Оны ұстау кезінде күдікті ізін суытпақ болған. Сонымен қатар, Қосшыда тұратын үйін тексеру кезінде арнайы жабдықталған жасырын қоймада екі полиэтилен пакетте 34 келіден астам гашиш анықталды. Арнайы операция нәтижесінде заңсыз айналымнан 36,3 келі гашиш тәркіленді», делінген Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Белгілі болғандай, күдікті аталған есірткіні елорда аумағында өткізуді жоспарлаған.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.