Қазақстан • 10 Тамыз, 2021

«Сергек» арқылы қандай заң бұзушылықтар тіркеледі?

506 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы полициясы «Сергек» бейнебақылау жүйесі қандай заң бұзушылықтарды тіркейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Сергек» арқылы қандай заң бұзушылықтар тіркеледі?

«Сергек» бейнебақылау жүйесі қиылыстың алдында көліктердің дұрыс емес қатарға тұруды, стоп-линия сызығына кіруді және автобус жолағының бойымен жүруді анықтайды.

Сондай-ақ «Сергек» камералары жылдамдықты, көліктің бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетуін және тыйым салынған жерге тоқтағанын тіркейді.

«Барлық заң бұзушылықтарды полиция өңдейді. Әрі қарай бұзушылықтар туралы нұсқаулық көлік құралдарының иелеріне СМС және пошта арқылы екі жолмен жіберіледі. Айыппұл туралы хабарламаны алғаннан кейін, құқықбұзушы жеті күн ішінде соманың жартысын төлей алады. Төлем өз еркімен төленбеген жағдайда, хабарлама алынған күннен бастап 30 күн өткен соң, материал ҚР ӘҚбК-нің 894-бабына сәйкес мәжбүрлеп алуға жіберіледі. Egov.Kz және Qamqor.gov.kz сайттарында бұзушылық хаттамаларымен танысу мүмкіндігі бар. Айыппұлды кез-келген ыңғайлы жолмен төлеуге болады. Мысалы, электронды үкімет порталында онлайн, банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімінде немесе мобильді қосымшалар арқылы төлем жүргізуге болады (Kaspi.kz, HalykBank, Kassa24, Handypay, Homebank, Казпочта, Колеса). Айыппұлдан түскен барлық қаражат қалалық бюджетке түседі», деді Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.