Аймақтар • 10 Тамыз, 2021

Тараз қаласының түзеу мекемесінде Абай күні аталып өтті

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таразда  жазасын өтеушілер арасында Абай күніне орай шығармашылық кеш өтті, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тараз қаласының түзеу мекемесінде Абай күні аталып өтті

Фото: Polisia.kz

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарайтын ЖД-158/7 мекемесінде ұйымдастырылған іс-шарада қатысушылар ақынның шығармаларынан үзінді жаттап, қара сөздерін жатқа оқып, өзара бәсекеге түсті.

«Ұлы ойшылдың өнегелі өмірі мен тағылымы қашанда үлгі. Жазасын өтеушілер арасында өткен шығармашылық кеште олар өз шеберлігін шыңдап қана қоймай, қателігінен сабақ алып, түзелу жолына түседі дегенге сенім мол. Абай рухын ұлықтау шаралары жалғасын табады», дейді мекеме бастығы Олег Родякин.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024