ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқшаулану тәртібін елемеген 12 адамға қатысты ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылған.
Оның ішінде Семейден 10 адам болса, Өскемен қаласы мен Аягөз, Глубокое аудандарынан 1 адамнан анықталып отыр.
«Қазіргі уақытта облыс аумағында «Аshyq» жобасына 6103 нысан (ресми қатысушылар – 3802, сынақ режиміндегілер – 2301) қатысуда. Күн сайын мониторингтік топтар әр объектіге карантин режимінің сақталуы бойынша тексеру жүргізуде. Соның нәтижесінде, жобаға қатысып отырған 58 нысанда бұзушылық тіркелген», делінген хабарламада.
Шектеу шараларын бұзған бизнес өкілдеріне 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды.