Персидтер - жыл сайын тамыз айында Персей шоқжұлдызынан пайда болады. Метеор ағыны жердің Свифт - Таттла кометасы шығарған шаң бөлшектерінің өтуі нәтижесінде пайда болады. Құм дәнінің ең кішкентай бөлшектері жер атмосферасында күйіп, «Жұлдызды жаңбыр» түзеді.
Аспан шоуының көрермені болу үшін Александр Губерт қала сыртына шығуға кеңес береді.
Метеор ағыны өз белсенділігіне 12 тамыздан 13 тамызға дейін жетеді. Бұл түнде аспанда сағатына 60-қа жуық жұлдызды көруге болады. Бірақ жұлдызды жаңбырды бұлтсыз ауа-райында ғана көруге болады. Сондықтан, қалалық жарықтың әсерінен қала ішінде тұрғындар бұл құбылысты көре алмайды. Алматылықтарға Қапшағай немесе тауға баруды ұсынар едім. Онда көбінесе аспан бұлтсыз болады. Әдетте адамдар келіп, кілемшелерді жайып, шатырлар тігіп, «Жұлдызды жаңбырды» тамашалап отырады», дейді Александр Губерт.
Сарапшы атап өткендей, метеорит ағынын бақылау үшін телескоп немесе бинокль қажет емес.