Коронавирус • 11 Тамыз, 2021

Асқар Мамин вакцинация қарқынын күшейтуді тапсырды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин барлық өңірлерге вакцинация қарқынын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асқар Мамин вакцинация қарқынын күшейтуді тапсырды

«Пандемиядан шығудың маңызды жолы вакцинация болып қала береді. Қазіргі уақытта барлығы 5,9 миллионнан астам адам бірінші компонентпен егілді, екінші компонентпен 4,5 миллионға жуық адам егілді. Бірақ бұл жеткіліксіз. Вакцинациялау қарқынын күшейту қажет, әсіресе бұл мәселені Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарының әкімдері бақылауға алуы тиіс. Сондай-ақ барлық өңірлерде эпиджағдайды бақылауда ұстау керек», деді Үкімет басшысы.

Ол, сондай-ақ, мониторинг топтарының жұмысын жандандыруды тапсырды. Халық шектеу шаралары мен бетперде режимін сақтауы тиіс. Оның айтуынша, тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылады.

Сонымен қатар Ashyq жобасына қатысатын нысандардың санын кеңейту тапсырылды, бұл пандемия кезінде жұмысты жалғастыруға мүмкіндік береді. Қазір жобаға қатысушылар саны - 101 мыңды құрайды.