Аймақтар • 11 Тамыз, 2021

Солтүстік өңірде белгісіз індеттен ірі қара қырылып жатыр

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Індетті тексерген жауаптылар бұл қорасан ауруы болуы мүмкін деген болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік өңірде белгісіз індеттен ірі қара қырылып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында белгісіз аурудан мал өліп жатқаны анықталды. Кеселге, көбіне, ірі қара шалдыққан. Төрт түлікке тиген індеттен, әсіресе, Уәлиханов ауданындағы Мортық ауылындағы шаруашылық иелері зардап шеккен, деп хабарлайды 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Ауылда қазірдің өзінде белгісіз аурудан оннан астам ірі қара қырылған. Жергілікті жұртшылық өрісте өлген малын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Олар індеттен 3-4 айлық бұзаулар мен жас тайыншалар өліп жатқанын айтады.

Түліктің алдымен артқы аяғы ақсап, денесінде ісік пайда болады. Ал кейбірінің іші қарысып тәулік ішінде өлген. Белгісіз аурудың адамға жұғуынан қауіптенген тұрғындар мал өлексесін өртеуге кіріскен. Мал дәрігерлері ірі қараның қандай індеттен қырылғанын анықтай алмай, тек қорасан ауруы болуы ықтимал деген болжаммен шектеліп отыр.

«Мал дәрігерлері барып тексерді. Бірақ қандай аурудан өлгенін анықтау әзірге мүмкін болмай тұр. Себебі, мал өлекселерінен 2-3 сағаттың ішінде патологиялық талдау алып үлгермеген. Малдар өртелген аумақ залалсыздандырылды», деді СҚО ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қайырлы Қазанов.