Аймақтар • 11 Тамыз, 2021

Қызылорда облысында карантин талабын бұзғандар 33,4 млн теңге айыппұл төледі

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Үкімет отырысында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Қызылорда облысында карантин талабын бұзғандар 33,4 млн теңге айыппұл төледі

Әкімнің айтуынша, облыста індет жұқтырған 12 580 адам тіркелген. Оның 77 пайызы жазылып шықты. Пневмониямен ауырған 1867 науқастың 1580-і емделіп шықты. 

Осы жылдың маусым-шілде айларында инфекциялық төсек-орын саны 585-тен 2340-қа дейін, ал реанимациялық төсек орын-саны 90-нан 172-ге дейін көбейтіліп, қазіргі таңда жүктеме 55 пайызды құрап отыр.

Резервтік төсек-орын санын қосқанда 3200 төсек-орны әзірленіп, оның 518 орны орталықтандырылған оттегімен жабдықталған.

«Құрылысы 2020 жылы басталған модульдік стационар жұмысы іске қосылып, науқастарды қабылдау басталды. Режимді түрде 6 оттегі шығару станциясы жұмыс істейді. Дәрі-дәрмек қоры қалыптасқан. Коронавирус инфекциясына қарсы күрес жұмыстарына қажетті медициналық кадрлар мен құрал жабдықтар жеткілікті», деді әкім.

Облыста ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында екпе алуға қабілетті 401 мың тұрғынның 61,4%-ы вакцина салдырды.  Қыркүйек айында көрсеткіш 85%-ға орындалады деп жоспарланған.

«Қазіргі таңда мониторингтік топ жұмыстары күшейтілді. Бүгінге дейін 167 мониторингтік топпен 12 441 нысанға рейдтік тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде 459 карантин талаптарын бұзу жағдайлары анықталып, 33,4 млн теңге айыппұл салынды», деді әкім. 

Тамыз айында 398 нысанға тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде 56 карантин талаптарын бұзу жағдайлары анықталып, 3,1 млн теңге айыппұл салынды.