Спорт • 11 Тамыз, 2021

«Алматы марафонын» өткізу мерзімі кейінге шегерілді

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұның басты себебі елдегі сондай-ақ, мегаполистегі эпидахуалдың күрделенуі, деп жазады Egemen.kz.

«Алматы марафонын» өткізу мерзімі кейінге шегерілді

Алдын ала болжамға сәйкес «Алматы марафонын» 26 қыркүйекте өткізу жоспарланып отыр. 2 апта кейінге шегерілген жүгіру марафоны биыл оныншы рет ұйымдастырылмақ. 

«Қазақстан қалаларының басым бөлігі «қызыл аймақта». Барлық карантиндік шараларды сақтай отырып өткізген күннің өзінде вирус жұқтыру қаупі бәсеңдемейді. Сондықтан 12 қыркүйекте өтуі тиіс марафонды 26 қыркүйекке ауыстырдық», делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылар бұған дейін марафонға қатысуға өтінім білдіргендерге екі түрлі ұсыныс айтты. Біріншісі қатысушының слотын келесі жылы өтетін марафонға қалдыру немесе қаржыны толық қайтару. Бірақ соңғысы бойынша өтінішті тіркелгендер 16 қыркүйекке дейін беріп үлгеруі тиіс.