Ведомство өкілінің айтуынша, Қазақстанда оқушылардың білім жетістігін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама (PISA) зерттеу жүргізген. Оның қорытындысы білім сапасы тек қала мен ауыл оқушыларының арасында ғана емес, өңірлер арасында да әртүрлі екенін көрсеткен.
«Мысалы, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында қала мектептерінің көрсеткіштері Павлодар, Қостанай, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарындағы ауыл мектептерінен төмен. Ал Павлодар, Қостанай мен Шығыс Қазақстан облыстарында қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білімде алшақтық көрініп отыр. Сондықтан өңіраралық және ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасындағы алшақтықты азайту – «BILIMDI ŪLT» Ұлттық жобасындағы негізгі мақсаттың бірі», деді Ш.Каринова.