Әлеуметтік желілерде жаңадан салынып жатқан мешіттің мұнараларының бірі қалың түтінге оранғаны туралы хабарлама тарады.
Қазақстан ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мешіттегі өрт туралы ақпаратты жоққа шығарды.
«101 пультіне өрт туралы ақпарат түскен жоқ. Өзім көз жеткізу үшін бұл аймаққа келдім. Көріп отырғандарыңыздай, құрылыс жұмыстары жүргізілуде және ешқандай өрт болмағанын ресми түрде мәлімдейміз», деді Талғат Уәли.