Оқиға • 11 Тамыз, 2021

Оралда 20 жастағы жігіт суға батып кетті

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда өзенге батып кеткен 20 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралда 20 жастағы жігіт суға батып кетті

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 11 тамыз күні таңмен «Самал-3» шағынауданында «Set Sail» демалыс аймағы аумағында болды.

Сағат 09.10-да күзетші Шаған өзенінен 2001 жылғы жігіттің денесін шығарып алған.

Марқұм сағат 08.00-де белгісіз жағдайда киімшең күйінде суға батып кеткен.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Осымен өңірде жыл басынан бері 27 адам суға кетсе, соның 9-ы – жасөспірімдер.