Аймақтар • 12 Тамыз, 2021

Дала өрті ғарыштан бақыланады

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің Шығыс аймағындағы дала өртін анықтау үшін ғарыштан бақылау жүргізіліп жатыр. Аталған іске кәсіби құтқарушылар жұмылдырылған, деп жазады Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Дала өрті ғарыштан бақыланады

Биылғы өрт қаупі жоғары кезең басталғалы 180-нен астам дала өрті тіркелген. Тілсіз жау 4818 гектар аумақты қамтыған. Өрттің жиілеуінің басты себебі тұрғындардың отты тыйым салған аймақтарда пайдалануы мен сақтық шараларын ұстамауы.

«Жануды бастапқы кезеңде анықтау үшін ТЖД мамандары космомониторингті пайдаланады. «Geosat» ЖШС-мен жасалған келісімшарт негізінде термонүктелер бойынша деректер алуға мүмкіндік бар. Бүгінгі таңда ғарыштық технологиялардың көмегімен құтқарушылар өрттің таралуын талай рет уақтылы анықтап, жалынды тез ауыздықтады. 2021 жылдың 11 сәуірінен бастап 352 термонүкте тіркелген», делінген ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Заманауи мамандандырылған бағдарламаның көмегімен Шығыс Қазақстан өңірінің 1 млн шаршы шақырымнан астам аймақ тәулік бойы бақылауда болады. Дала өртін ғарыштан бақылау төтенше жағдай туындағанда жедел шешім қабылдауға көмектеседі.