Ауа райы • 12 Тамыз, 2021

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн жаңбырлы болады

1548 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Синоптиктер 12 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн жаңбырлы болады

«Циклонға байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер республиканың көп бөлігіне әсер етеді, сол себепті солтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Еліміздің батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде бұршақ жауып, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, солтүстік өңірлерде тұман түседі», делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл соғады, тұман түседі, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с жетеді.

Ақмола, Павлодар облыстарында да найзағай ойнап, бұршақ жауып, тұман түседі, жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, жел жылдамдығы 18-23 м/с дейін жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарда найзағай ойнап, бұршақ жауады, кей жерлерде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 18 м/с дейін жетеді.

Күндіз Атырау облысында өте қатты ыстық, Маңғыстау облысының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады, облыстың оңтүстігінде өте қатты ыстық, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

«Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады», делінген хабарламада.