Аймақтар • 12 Тамыз, 2021

Атырауда Жайық өзеніндегі көпір жабылады

994 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда Жайық өзенінің үстінде бірнеше көпір салынған. Ертең соның бірі жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда Жайық өзеніндегі көпір жабылады

Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 13 тамызда жөндеу жұмыстарына байланысты «Балықшы-Жұмыскер» бағытындағы көпірде автокөлік қозғалысын тоқтату көзделіп отыр.  

«Жөндеу кезінде көпір құрылымының деформациялық қосылыстарын демонтаждау және ауыстыру, сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шұңқырларды жамау жоспарланып отыр. Қайта жаңарту жұмыстарына байланысты Құнанбаев көшесінен бастап «Балықшы-Зарослый» бағытымен қатынайтын тас жолда автокөлік қозғалысы тоқтатылады. Осы орайда, автокөлік жүргізушілері қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет», деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.