Қазақстан • 12 Тамыз, 2021

Елімізде «Әлеуметтік әмиян» жобасы іске қосылады

497 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасова жыл соңына дейін «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасы іске қосылатынын айтты, деп хабалайды Egemen.kz.

Елімізде «Әлеуметтік әмиян» жобасы іске қосылады

Аталған жоба Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауы аясында ҚР Ұлттық банкімен бірлесіп жүргізілуде.

Жобаның мақсаты - халықтың әлеуметтік осал топтарының қаржы құралдарына қол жеткізуін қамтамасыз ету, әлеуметтік көмекті есептеу рәсімдерін жеңілдету, әлеуметтік қолдау құралдарын жетілдіру, сондай-ақ бюджет қаражатының шығыстарын оңтайландыру.

«Әлеуметтік әмиян» ЖСН негізінде құрылатын болады. Бұл әлеуметтік төлемдерді банк шотына аударуға мүмкіндік береді.

Пилоттық жобаны енгізу аясында «Мемлекеттік бюджет қаражаты және электрондық ақша түрінде аударылатын Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке алу, есепке алу және пайдалану, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмекті пайдалану мониторингі қағидаларын және ерекшеліктерін бекіту туралы» НҚА жобасы әзірленді.

Қазіргі уақытта НҚА жобасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде қаралуда.

Әсел Жанасова хабарлағандай, жобаның пилоттық нұсқасын 2021 жылдың желтоқсан айының соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр.