Үкімет • 12 Тамыз, 2021

Үкіметте бұқаралық және балалар спортын дамыту жөнінде кеңес өтті

333 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов елімізде бұқаралық және балалар спортын дамытудың қазіргі проблемалары мен перспективалары жөнінде арнайы кеңес өткізді. Бұл туралы Egemen.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Үкіметте бұқаралық және балалар спортын дамыту жөнінде кеңес өтті

Кеңеске Мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлова, салалық министрліктердің, өңірлер әкімдіктерінің басшылары және т. б. қатысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес спорт саласы одан әрі реформалауды талап етеді.

Осыған байланысты Премьер-Министрдің орынбасары мемлекеттік органдардың алдына бірқатар маңызды міндеттер қойды. Бұқаралық және балалар спортымен айналысудың қолжетімділігін арттыру үшін халықтың спортпен шұғылдануын кемінде 35% нәтижеге жеткізіп (бүгінгі күні – 31,6%), көрсеткіштерді қайта қарау тапсырылды. Ол үшін әкімдіктерге мемлекеттік спорттық тапсырыс көлемін ұлғайту, қосымша балалар мен жасөспірімдер клубын, балалар-жеткіншектер спорт клубын ашу, мектеп және студенттер спорт лигасының жұмысын қайта бастау есебінен балаларға арналған тегін спорт секцияларын кеңейту тапсырылды.

Сондай-ақ Қостанай, Атырау және Маңғыстау облыстарында спорт мектеп-интернатының құрылысын бастау мәселесін шешу тапсырылды. Спорт объектілерін материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейін арттыру, осы жылдың соңына дейін әкімдіктерге 43 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтау, Work-out алаңдары мен басқа да шығынсыз спорт ғимараттарының желісін кеңейту тапсырылды. Спорт нысандарының толық жүктелуіне ерекше назар аудару ескертілді.

«Nur Otan» партиясының мамандандырылған спорт мектептері оқытушыларының жалақысын 2023 жылға дейін екі есе арттыру, 2025 жылға дейін әрбір ауылдық округті спорт нұсқаушысымен қамтамасыз ету жөніндегі жол картасы іс-шараларының орындалуын ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, кәсіби спортшыларды, оның ішінде ұлттық құрама командаларын даярлау тәсілдерін қайта қарау және бұқаралық, кәсіби спорт үшін спорт мамандарының (спорт психологтары, биомеханиктер, биохимиктер, диетологтар және т. б.) тапшылығын шешуге арналған бағдарлама әзірлеу тапсырылды.

Спортқа бағытталатын бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттың тиімді жұмсалуына қатаң бақылауды қамтамасыз ету, 2025 жылға дейінгі дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жөніндегі қабылданған кешенді жоспарды қайта қарау керегі сөз болды.

Бұқаралық және балалар спортын дамыту мәселелері Үкіметтің ерекше бақылауында болады.