Шымкент қаласының «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге, әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуіне, денсаулығын оңалтуға бағытталған шараларды жүзеге асырады.
Жыл басынан бері «Шапағат» оңалту орталығында 8 ауысым бойынша жалпы 263 қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері көрсетілді.
Орталықта 18 жастан асқан тірек-қимыл жүйесі бұзылған І және ІІ топтағы мүгедектер жеті түрлі бағытта әлеуметтік қызмет түрлерімен қамтылған.
Шымкент қаласы бойынша 43 автоматты «Әлеуметтік такси» І,ІІ топтағы және 16 жасқа дейін тірек-қимыл аппараты бұзылған мүмкіндігі шектеулі жандарға, 18 «Инватакси» қызметі арнаулы жабдықталған қол арбадағы мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдайды.
Сонымен қатар ерекше топтағы азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің электрондық қолтаңбасын пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беруге қол жеткізе алады.