Әлем • 12 Тамыз, 2021

Алжирде үш күн қатарынан қаралы күн деп жарияланды

444 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алжирде орман өртінен қаза тапқандардың саны 69-ға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алжирде үш күн қатарынан қаралы күн деп жарияланды

Марқұмдардың 28-і әскери, 41-і жергілікті тұрғын. Мерт болғандардың көбі Тизи-Узу провинциясының тұрғындары.

Қазір 12 әскери ауыр халде жатыр. Тілсіз жаумен күресу үшін көмекке Еуроодақ елдерінің ұшақтары тартылды. Олар бұған дейін Грекиядағы өртпен арпалысқан. Ел президенті алдағы 3 күнді қаралы күн деп жариялады. Өртті ауыздықтау үшін аймақтағы аптап ыстық пен қатты жел кедергі келтіруде.

Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Солтүстік Африка өңіріндегі  46 градус температура аптаның соңына дейін сақталуы мүмкін.