Фото: Zakon.kz
«12 тамызда Бостандық ауданындағы «Нұр Алатау» ықшам ауданында қураған ағаштардың өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Төтенше жағдай күштері оқиға орнына дереу аттанды. Келген кезде тау беткейінде 1 гектар аумақта қураған ағаш жанып жатқан. Өрттің жеке тұрғын үй секторына таралу қаупі болған. Беткейдегі биіктік айырмашылығы жалынды сөндіруді қиындатты», деп хабарлады Алматы облысы ТЖД.
Өрттің тұрғын үйлерге таралу қаупі жойылды. Оны сөндіруге 50 адам мен 13 техника жұмылдырылды