Фото: Александр Куприенко
«Елордада спорттық кластер жақсы дамыған. Жыл сайын халықаралық стандарттарға сай жаңа спорт ғимараттарын ашып жатырмыз. Қалада 1 млн 200 мың адам тұрады, олардың үштен бірі – жастар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұқаралық спортты дамыту маңызды.
Басты міндетіміз — спорт нысандарының бәрін қала тұрғындарына қолжетімді ету.
Бірінші. Елорда Жастары бағдарламасын қабылдадық. Бұл бағдарлама тұрғын үй, білім алу, жұмысқа орналасу және бос уақытты тиімді өткізу сияқты мәселелерді шешуге септігін тигізеді. Оған тағы да бір бағыт қосылады. Ол – бұқаралық спортты дамыту бағыты.
Мысалы, өткен жылы жеңіл атлетикалық спорт кешенін аштық, қазір онда жеңіл атлетиканың 7 түрі бойынша кәсіби спортшылар ғана айналыса алады.
Елорда тұрғындарын көбірек қамту мақсатында қыркүйек айынан бастап оған тілек білдірушілердің бәрі бара алады. Яғни жеңіл атлетикамен тілек білдірушілердің бәрі айналыспақ. Жеңіл атлетика кешеніне күніне 750 адам, ал айына 20 мыңнан астам адам бара алады.
Екінші. Біздің басты міндетіміз —балалар мен жасөспірімдер спортын қолдау. Қазір қалада 8 мыңнан астам баланы қамтитын 11 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді.
Қосымша қаржыландыру бағыты есебінен балалар санын 50%-ға арттыруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ қосымша жаттықтырушыларды жұмысқа аламыз. Жастар бұқаралық спорттың қай түрі бойынша және қайда шұғылдана алатыны туралы стендтер болады.
Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдер мектептерінің құрамында ерекше қажеттілігі бар балалардың спортпен айналысуына бағытталған жеке бағыт бар екенін атап өткен жөн. Инклюзия желісі бойынша 17 спорттық пән бар.
Үшінші. Жүйелі деңгейде аула клубтарының санын көбейтуді жалғастырамыз. Қазір олардың саны 30-дан көп, бірінші кезеңде санын 50-ге дейін көбейтеміз. Бұл екі есе көп баланы қамтуға мүмкіндік береді.
Төртінші. Сонымен қатар, қаланың төрт елді мекенінде (Көктал, Өндіріс, Үркер (Ильинка) және Теміржолшылар) жалпыға қолжетімді дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін, сондай-ақ Азия елдерінде танымал үстел теннисі орталығын салып жатырмыз.
Көкталда дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды. Бұл спорт кешендерінде қала тұрғындары әртүрлі спорт түрлерімен тегін айналысып, денсаулығын нығайта алады.
Бесінші. «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында соңғы екі жылда абаттандырылған аулалар мен қоғамдық кеңістіктер саны (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) 400-ді құрайды.
Бұл қоғамдық орындар спорттық инфрақұрылымды қамтиды: футбол, волейбол, баскетбол, стрит-воркаут, веложол және т.б.
Осылайша, Президенттің тапсырмасы бойынша спорттық инфрақұрылымды кәсіби клубтарға емес, бұқаралық спорт түрлеріне барынша қолдау көрсетуге баса назар аудара отырып дамытамыз.
Бұқаралық спортқа баулу қала тұрғындарының денсаулығына оң әсер етеді», деп жазды елорда әкімі.