«Осыған байланысты салықтың есептелген сомасы жылжымайтын мүлік пен жер учаскесі бойынша міндеттемелерді қамтиды және бірыңғай сомамен төленеді.
2020 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылғы 1 қазанда аяқталады», деп жазылған комитет хабарламасында.
Мүлік салығының сомасын оны төлеу мерзімі басталғанға дейін дайын деректемелер бойынша бір мезгілде төлем жүргізу мүмкіндігімен «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасында, сондай-ақ Kaspi.kz және Homebank банктерінің мобильді қосымшаларында kgd.gov.kz «Алдағы төлемдер» сервисінен білуге болады.
Бұдан басқа, салық салу объектілері бойынша ақпаратты «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасының «Салық әмияны» бөлімінде көруге немесе осындай объектілердің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінуге болады.