Білім • 13 Тамыз, 2021

«Болашақ» стипендиясына мыңнан астам өтініш түсті

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына құжат қабылдау жүріп жатыр. Қазіргі таңда 1000-нан астам өтініш берілді. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ  хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Болашақ» стипендиясына мыңнан астам өтініш түсті

Еске салайық, құжаттарды қабылдау 4 мамырда басталды және 2021 жылдың 28 қазанына дейін жалғасады.

Шәкіртақы тағайындау үш кезеңнен тұрады: маусым, тамыз және қараша. Екінші кезең квотасы 250 стипендия, ал үшінші кезеңдікі - 205 стипендия.

2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға 1055 стипендия бөлінді. Оның ішінде 555 стипендия магистратураға, резидентураға, докторантураға және интернатураға бөлінеді.

«Ғалымдар» тағылымдамасының жаңа санаты бойынша 500 стипендия тағайындалады. Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасыменс жыл сайын 500 ғалымға әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беру мақсатында құрылған.

Құжаттарды қабылдау және «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін конкурстық іріктеу процесі толық автоматтандырылған және eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады.

Айта кетерлігі, 2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша басым мамандықтар тізімінде академиялық дайындық бойынша 80 мамандық және тәжірибеден өту үшін 137 мамандық қарастырылған. Тізімге «Инклюзивті білім», «Вирусология», «Урбанистика», «Жаңа материалдар технологиясы» сияқты  мамандықтар енген.

Биыл «Инновация және жаңа технологиялар», «Өнеркәсіптік инженерия», «Жаратылыстану», «Әлеуметтік ғылымдар», «Білім», «Медицина» және «Шығармашылық индустрия» сияқты бағыттар басымдыққа ие.