Аймақтар • 13 Тамыз, 2021

Биыл Атыраудағы бес каналда күрделі жөндеу аяқталады

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Атырау облысында бес суару-суландыру жүйесін күрделі жөндеу ақяталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл Атыраудағы бес каналда күрделі жөндеу аяқталады

«Қазсушар» РМК Атырау филиалының директоры Асланбек Рысжановтың мәліметінше, кәсіпорынға қарасты 14 суару-суландыру жүйесі комуналдық меншікке өткен. Махамбет ауданындағы Алға-Егіз, Сары-Өзек, Құрсай, 7-ауыл-Айсары, Индер ауданындағы Алғабас-Жорық каналдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Қазір аталған нысандардағы құрылыс жұмысы аяқталуға таяды. Каналдар жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі. Жасақталған жобаға сәйкес каналдардың бітелген арналары аршылды. Канал жолдары топырақпен көтеріліп, бекітілді. Ескі жүзбелі насос стансалар, трансформаторлар жаңасына ауыстырылды. Сондай-ақ канал бойындағы су реттегіш гидротехникалық құрылыстар күрделі жөндеуден өткізілді. Кейбіреуі жаңадан салынды. Күрделі жөндеуден өткізілген каналдарда су беру бұрынғы жылдармен салыстарғанда біраз жақсарды. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сұранысына сәйкес, су үздіксіз берілуде. Ал нысандардың құрылысын толықтай бітіру 2021 жылдың аяғына жоспарланып отыр», дейді филиал директоры Асланбек Рысжанов.