Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, соның ішінде Қатар Әмірінің Нұр-Сұлтанға мемлекеттік сапарын ұйымдастыру, тікелей әуе рейстерін ашу, сондай-ақ екі ел арасындағы тауар айналымын арттыру мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, екіжақты өзара іс-қимылдың басым бағыттарын және Қазақстан аумағында перспективалық инвестициялық жобаларды іске асыруды талқылау үшін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҮАК тең төрағасы Әлихан Смайылов бастаған қазақстандық делегацияның Дохаға алдағы сапарының кейбір аспектілері қаралды.