Аймақтар • 14 Тамыз, 2021

Алматыдан 242 шақырым қашықтықта жер сілкінді

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 14 тамыз күні Алматы уақытымен 09 сағат 35 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп жазады Egemen.kz.

Алматыдан 242 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 242 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.6, магнитудасы – 4.1.

Эпицентрінің координаттары 41.91° с.б. 79.27° ш.е.

Жерасты дүмпуі 5 шақырым тереңдікте болған.

МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.

Мәлімет 14 тамыз күні сағат 09.44-те жарияланды.