Атырау облысында спорттың 26 түрімен шұғылданатын балалардың саны 14 мыңнан асты, деп жазады Egemen.kz.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, енді 500 орынға арналған спорт колледжін ашу жоспарланып отыр.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауында «Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балалар спортына басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет» деген еді. Осыған орай облыста спортты, соның ішінде, балалар спортын жақсартуға ерекше басымдық беріліп отыр. Атырау облысының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді даму жоспары арқылы дарынды балаларға арналған 500 орынға есептелген спорттық мектеп-интернат-колледжін ашу жоспарланып отыр. «Нұрсая» шағын ауданынан салынатын жаңа кешенге 4,6 гектар жер телімі бөлінді. 2022 жылы құрылысы басталатын бұл нысан 2024 жылы пайдалануға берілмек. Мұнда аудандардан келетін балалар үшін 200 жатын орын болады» дейді Махамбет Досмұхамбетов.
Қазір облыста 17 спорт мектебі, 7 дене шынықтыру даярлық клубы жұмыс істейді. Сондай-ақ, кәсіби клубтар жанынан ашылған 3 академия және 2 балалар орталығы бар. Мұнда спорттың 26 түріне басымдық берілген. Спорттық секциялардың барлығы тегін қызмет көрсетеді. Бұл нысандарда 14 мыңнан астам бала спортпен шұғылданады.
«Болашақта қосымша секциялар ашуымыз қажет. Жан басына шаққанда нормативтік қаржыландыруды мемлекеттік тапсырыс арқылы жүзеге асыру мақсатында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық секцияларға 2000-ға жуық баланы тарту көзделіп отыр. Мұндай мүмкіндігі мол спорт кешендерін барша тұрғынға қолжетімді етіп лайықтаған жөн» дейді облыс әкімі.
Биылғы жыл басынан бері Атырау облысының спорт саласында ауқымды жұмыс атқарылған. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 1 139 нысан жұмыс істейді. Наурызда Индер ауданының Өрлік ауылында жаңа спорттық кешен пайдалануға берілді. Енді жыл соңына дейін Исатай ауданының Жанбай, Махамбет ауданының Махамбет, Мақат ауданының Мақат, Индер ауданының Жарсуат, Қызылқоға ауданының Миялы, Сағыз ауылдарынан спорт кешендері пайдалануға беріледі. Қазір Құлсары қаласындағы орталық стадионға жаңғырту жұмысы жүргізілуде.
Атырау қаласындағы орталық жүзу бассейніне күрделі жөндеу жүргізілген. Сенімгерлікпен басқаруға берілген бассейн директоры Жалғас Өтебәлиевтің дерегіне сүйенсек, бұрын бассейнге 400 бала келген. Қазір 600-ден астам бала спорттың 4 түрі бойынша тегін жаттығуға қатысады. Жыл соңына дейін мұнда келушілердің саны 1 мыңға жуықтайды.
«Мемлекет басшысы бұқаралық және балалар спортының дамуына баса назар аударып отыр. Оны жүзеге асыру үшін облыстағы бұқаралық спортпен шұғылданушылар санын 2025 жылы 45 пайызға жеткізу тапсырылды. Жыл басынан бері тұрғындарды саламатты өмір салтына тарту, бұқаралық спортты дамыту мақсатында 82 500-ден астам адамды қамтыған 550 спорттық шара ұйымдастырылды. Спортпен тұрақты шұғылданушылар саны жалпы облыс тұрғындарының 34,2 пайызын құрайды. Бұл – 226 589 адам. Енді мұнымен шектеліп қалмай, барлық спорттық нысандарда тұрғындарға бұдан да қолайлы жағдай туғызу қажет. Бұқаралық спортты халыққа барынша қолжетімді болуы керек» деп есептейді Махамбет Досмұхамбетов.
Бассейн директоры Жалғас Өтебалиевтың пікірінше, жуырда мұнда келетін балалардың санын спорттық секцияларды жан басына қаржыландыру бойынша арттыру көзделген. Осылайша, 370 бала су айдынына тегін түсу мүмкіндігіне ие болады. Балаларға сапалы дәріс беру мақсатында басқа қалалардан білікті жаттықтырушылар шақыртылған.
«Кешенде жүзу, су добы, триатлон, суға секіру секілді спорт түрлеріне назар аударылып отыр. Жүзу спорты бойынша жасөспірімдер командасы маусым айында Шымкент қаласында өткен Қазақстан чемпионатында 11 алтын, 3 күміс медальмен жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді. Триатлоншы Нартай Қазиев Ақмола облысында өткен Азия чемпионатында 1 күміс, 1 қола жүлдеге ие болды. Ал, су добынан облыс құрамасы республика чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы мен жүлдегері атанды» деп су спортына қатысушылардың жетістігімен бөлісті Жалғас Өтебалиев.
Түркістан облысында әлеуметтік желі арқылы есірткі сатқан адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Өткен тәулікте 5 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:12
Елордада каратэден Азия чемпионатының үздіктері анықталды
Елорда • Бүгін, 10:02
Каспий жағалауынан 64 итбалықтың өлексесі табылды
Экология • Бүгін, 09:52
Ақтауда сарбаз әскерден қашып кетті
Аймақтар • Бүгін, 09:43
Павлодарда 1,5 жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 09:36
Елімізде жеңілдетілген автонесие беру басталды
Қоғам • Бүгін, 09:23
Қоғам • Бүгін, 09:17
Атақты актер Сағат Жылгелдиев өмірден озды
Өнер • Бүгін, 09:16
Бақанаста Қонаев ескерткіші бой көтерді
Аймақтар • Бүгін, 09:15
Бокс • Бүгін, 09:12
Халықаралық турнирлерде топ жарды
Теннис • Бүгін, 09:10
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:09
Спорт • Бүгін, 09:07
Қоғам • Бүгін, 09:05
Қоғам • Бүгін, 09:02
Биыл 550 шақырым темір жол күрделі жөндеуден өтеді
Қоғам • Бүгін, 09:01
Спорт • Бүгін, 09:00
Тегераннан жақсы жаңалық күтеміз
Спорт • Бүгін, 08:59
Шабуылшы азусыз, қорғаушы қауқарсыз болса...
Хоккей • Бүгін, 08:58
Спорт • Бүгін, 08:57
Қоғам • Бүгін, 08:55
Аймақтар • Бүгін, 08:54
Ағаштарға қауіпті бактерияны анықтайды
Ғылым • Бүгін, 08:52
Сүйекті алмастыратын материал жасалды
Ғылым • Бүгін, 08:50
Оңалту орталығының оңтайлы әдістері
Қоғам • Бүгін, 08:49
Білім • Бүгін, 08:47
Тоғыз жолдың торабында тозған вокзал
Аймақтар • Бүгін, 08:43
Экономика • Бүгін, 08:40
Әлем • Бүгін, 08:39
Халық пікірін айқындайтын ауқымды іс-шара
Аймақтар • Бүгін, 08:35
Аймақтар • Бүгін, 08:33
Аймақтар • Бүгін, 08:30
Референдум-2022 • Бүгін, 08:28
Референдум-2022 • Бүгін, 08:25
Аймақтар • Бүгін, 08:22
Әркім өз болашағына таңдау жасайды
Пікір • Бүгін, 08:20
Референдум-2022 • Бүгін, 08:17
Реформа сарапшылар кеңесінде талқыланды
Референдум-2022 • Бүгін, 08:15
Мемлекет басшысы Мәскеуге барды
Президент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар