Осыған байланысты, 15 тамызда сағат 08:00-ден 24:00-ге дейін Тұран даңғылы мен Ұлы дала даңғылының қиылысында автокөлік құралдары үшін қозғалысты ішінара жабу жоспарланған.
Сондай-ақ, ведомство Хусейн бен талал көшесіндегі жол төсемін жөндеу жұмыстары басталғанын хабарлады.
15-16 тамыз аралығында Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі жол ішінара жабылады.
«Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз», деп жазады қаланың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.