Әлем • 14 Тамыз, 2021

Гаитиде 7 баллдан астам жер сілкінісі болды, зардап шеккендер бар

419 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гаити жағалауында 7,2 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Гаитиде 7 баллдан астам жер сілкінісі болды, зардап шеккендер бар

Жер сілкінісінің эпицентрі Сен-Луис-ду-Суд қаласынан 12,2 км қашықтықта болды, деп хабарлайды РИА Новости АҚШ геологиялық қызметіне сілтеме жасап.

«Гаитидегі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны бірнеше мың адамнан асып, ондаған мың адам зардап шегуі мүмкін», делінген геоқызмет хабарламасында.

Жер асты дүмпулерін Гаити астанасы Порт-о-Пренс тұрғындары сезді. Адамдар үрейленіп көшеге жүгірген.

Қаза болғандардың нақты саны әзірге белгісіз.

Бұған дейін магнитудасы 6,4 болатын жер сілкінісі Аляска жағалауында болды. Ол Перривилль қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 117 шақырым жерде тіркелді. Ошақ 21 шақырым тереңдікте орналасқан. Цунами қаупі туралы мәлімет жоқ.