Елорда • 15 Тамыз, 2021

Нұр-Сұлтанда экологиялық сенбілік өтті

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда Сарыбұлақ өзенінің арнасын, су бетін және жағалау бөлігін тазарту бойынша экологиялық сенбілік өтті, деп жазады Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда экологиялық сенбілік өтті

Сенбілікке жалпы саны 67 адам қатысты.

«Тазалау жұмыстары жүргізілген аумақ 4,4 км құрады», деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

Сенбілік барысында қатысушылар 4 учаскеге бөлінді.

Бірінші топ Ырыскелді қажы мешітінен Сейфуллин көшесіне дейін жұмыс істеді. Екінші топ Сейфуллин көшесінен Тілендиев көшесіне дейінгі алаңды тазартты. Үшінші топ Мыңарал көшесіне дейін жұмыс істесе, төртінші топ Мыңарал көшесінен Қарасай батыр көшесіне дейін және т/ж жолдарына дейін сенбілік өткізді. 

Учаскелерде түрлі қоқыстар мен қатты тұрмыстық қалдықтарды, су бетін тазартып, жапырақтар мен ағаш бұтақтарын жинады, артық өсімдіктерді шауып, тазалады. Барлығы 5,58 тонна өсімдік қалдығы мен ҚТҚ жиналып, шығарылды. 

«Елорда әкімдігі қала қонақтары мен тұрғындарынан қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, қоқысты арнайы бөлінген контейнерлік және қоқыс бактарына тастауды сұрайды», деп жазылған хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Өңір және Жолдау жауапкершілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:15