Аймақтар • 15 Тамыз, 2021

Сотталушы Абайдың портретін салып, кітапханаға сыйға тартты

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17 жылға бас бостандығынан айырылған сотталушы Абай Құнанбайұлының портретін салып, Атбасар облыстық кітапханасына сыйға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сотталушы Абайдың портретін салып, кітапханаға сыйға тартты

Ақмола облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қатаң қауіпсіздік мекемесінің сотталушысы Абай Құнанбайұлының 176 жылдығына ақынның портретін салып, оны Атбасар кітапханасына сыйға тартты.

«Мектепте Абай өлеңдерін қалай оқығанымыз есімде. Мен өз мұрамызды мақтан тұтамын, көптеген елдердің Абайды оқығанын, біздің елдің шығармашылығымен таныс екенін естігенде мақтаныш сезіміне бөлендім. Қазіргі ұрпақтың міндеті - өз мәдениетін ұмытпау, оны бағалау, дәріптеу және ұрпаққа жеткізу», деді туынды авторы.