Заманның өзгеруімен әділеттілік түсінігінің мәні де басқа бола бастады. Ол жалаң демагогиялық ұранға айналып бара жатқандай көрінеді. Әділеттілікті қамтамасыз ету үшін халық мемлекеттің, билеуші элитаның басқарушылық құқығын мойындаған бейресми әлеуметтік келісімнің бір маңызды бөлігі болуы қажет. Ол туралы ортақ, қоғамның басым көпшілігі түсініп, мойындаған пікір қалыптасуы керек.

Ал бізде оның орнына отыз жыл бойына айтылып та, қолға алынып та келе жатқан нарықтық қатынастарға қарамастан, жөнді болса да, жөнсіз болса да адамдар өзінен басқаның барлығын кінәлауға әуестеніп алды. Жалақының жетіспеуі, ипотека мен несие, көпбалалы отбасы сияқты тақырыптар қоғамда үлкен және тұрақты түрдегі мәселеге айналып отыр. Жәрдемақыны көтеру, ешбір негізсіз несиелерді кешіру, кредиттің пайыздары өсті екен деп қызметкердің жұмысының ауқымы өспесе де жалақыны көтеру талаптары осы күнге дейін айтылып жүр. Үлескерлер мен ипотека алғандар, көпбалалы аналардың митингілері тыйылар емес. Бұған мемлекеттік мекемелердің қызметшілері де үн қосуда. Бәрінің айтатыны бір-ақ нәрсе – әлеуметтік әділеттілікті орнықтырып, сақтау.
Ол үшін қажырлы, сапалы еңбек етіп, мемлекетке міндетті салықтарды төлеп, тұрақты түрде өзінің зейнетақы қорын толықтыру қажет екендігін біле тұра, оны түсінгісі келмейтіндердің қарасы көбейіп барады. Әлеуметтік төлемдер төленіп, тиісті қор жиналмаса, мемлекет несімен жалақы мен жәрдемақының көлемін өсірмек? Азаматтар еңбекқор болса, өнімді еңбек етсе, еңбегіне қарай жалақысын алып, соған объективті түрде баға бере алса, көп нәрсе орнына келер еді. Ал егер адам білім мен маман ретіндегі біліктілігін арттырып, қызметі өсіп жатса, жеке кәсіппен айналысса, тиісінше табысы да ұлғаятындығын ұғынған кезде бос сөзден аулақ жүрер еді. Өйткені неге баға берілсе де, нені және кімді сынау керек болса да, ең алдымен, сол сұрақтарды әркім әуелі өзіне қойып, оның байыбына барғаны дұрыс.
Әйтпесе, біздің қоғамда әділеттілікті талап ете тұрып, жеңілсе де әдетте ең заңды деген сот шешімімен де келіспей жатады. Сайлау, егер оның барысында «өз» адамдары жеңіске жетпесе, адал және әділетті деп мойындалмайды. Мемлекет тұрғындарды нарық экономикасының заңымен өмір сүріп, той жасау үшін қайтаруға шамасы келмейтін несие алмауға шақырса да оған кейбіреулер құлақ аспауда. Кейбір азаматтардың мемлекетті алдап, өздерінің әлеуметтік жағдайын әдейі нашарлатып, атаулы көмек алғысы келетіні де кездеседі. Тұрғындар сот жүйесі мен құқық қорғау органдарына сенбейді, ал егер өзіне қатысты бірдеңе бола қалса, онда сол органдарға жүгінеді. Біреулер жемқорларды сотқа тартуды талап етеді де өздері әлі күнге дейін пара беруді қоймай келеді. Демек, мемлекет пен халық арасындағы қарым-қатынаста шынайылық жетіспейді.
Осыдан барып біз ортақ шындықтың да бар екендігін көргіміз келмейді. Ол – жоғарыда сөз болған үдерістердің халықтың әлеуметтік жағдайының нашарлауымен бірге жүріп жатқандығында. Өйткені қазақстандықтардың 35%-ы өз өмір деңгейін «сірә немесе толықтай» нашар деп бағалап отырғанда мұндай әлеуметтік көңіл-күй тұрғындардың ұлтжандылық сезіміне оң ықпал етпесі анық. Көп жылдар бойы жалақы өспей, керісінше бағаның шарықтап кетуі тұрғындардың тұтыну қабілетін төмендетіп жіберді. Сондықтан олар өздерінің материалдық жағдайының бұрынғыдан да нашарлай түсетіні туралы пессимистік болжамдар жасауда. Бойын енжарлық пен көңілсіздік билеген жандар қалыптасқан жағдайдан шығудың жолын таба алмай дал. Алайда олар өздеріне мемлекеттен басқа ешкім көмекке келмейтіндігін және оның да қазіргі жағдайы мәз еместігін жақсы түсінсе де, оны ісімен қолдап, бірлескен іс-қимылымен демеп жіберуге немқұрайлылық танытуда. Яғни қоғамда әлі де болса жағдайдың бірмәнді емес екенін түсіну жағы жеткіліксіз болып отыр.
Шынайылық мәселесінде де айқындық болғаны дұрыс. Ол, білуімізше, көпшілік мақұлдаған әмбебап ойын ережесі мен оны қамтамасыз ететін жүйеге және сол сияқты белгілі бір моральдық-этикалық нормаларға негізделуі қажет. Өкінішке қарай, осылардың болмауынан қазір қоғамда тұрақтылық, келісім мен патриотизм сияқты құндылықтар салыстырмалы түрде әзірше мызғымай тұрғанымен, шынайылық түсінігі баяулап, өзінің дәстүрлі мәнінен айырылып барады. Бұған елдегі өршіп тұрған әлеуметтік жіктелу мен сыбайлас жемқорлық қана себеп болып отырған жоқ. Мемлекеттің экономикалық саясатты реттеудегі баршаға түсінікті нақты принципі мен тиімді институттарының жетіспеуі әлеуметтік жағдайға теріс әсер етуде. Мұнымен қатар, заңдылықты қамтамасыз ету саласында да осындай ахуал қалыптасып отыр.
Жаңғырту саясатын жүргізуде тәжірибе мен өзіміздің ұлттық үлгіміздің болмауынан батыстық жетістіктерге жүгінуге тура келді. Қазақстан оңтайлы бағытты таңдау барысында солардың ішінен демократия мен либералдық экономикаға сай келеді-ау дегеніне тоқталды. Шетелдік инвестициялар мен мамандарды тартып, экономиканың кейбір салаларының кәсіпорындарын сыртқы басқаруға беру, корпоративтік секторды кеңейту сияқты саясат қолданысқа енді. Ол өз кезегінде қазақстандық элитадан мемлекеттік билік институттарының тиімділігін, стратегиялық мақсаттар мен бағдарламалар және олардың нәтижелерін, сот жүйесі мен әлеуметтік саладағы әділеттілікті қамтамасыз етіп, жемқорлықты ауыздықтауды талап етті. Бұл бұрын-соңды Қазақстан тарихында болып көрмеген үш бірдей міндетті шешумен байланысты болды. Ол – демократия, либералдық экономика және дәстүрлі санадан либералдық құндылықтарға көшу. Айта кету керек, бұл өте ауыр бағыт еді. Себебі аталған құндылықтардың бастапқы, төл сипаттары бұрмаланып жатқан заманда бұл саясаттың ну орманында адасып кетудің өзі әбден мүмкін-тұғын. Өйткені жас тәуелсіз қоғамға алдамшы дүниеден мәдени-рухани құлдырауға ұрынбай, ең бастысы – азғындыққа бой алдырмай, аман өту қиынға соғып тұр. Осындай жағдайға түскен адамның мүдделері ұсақ-түйекпен шектеліп, оның қоғамдық ой-өрісі тар болып келеді. Ол – жиіркеніш тудыратын жексұрын, жан тыныштығын көбірек ойлап, әрекетсіздікке бейімдеу адам. Мұндай көңіл-күй мен бейберекет әрекеттерге бейім кісілер қоғамдық ортада өз өмірін тек қана ішіп-жеуге, сән-салтанат құруға арнайды. Бұл қауым бірте-бірте адал еңбек етіп, өркендеуге қауқарсыз болып, адамгершілік бет-бейнесінен айырыла бастайды. Тұтынушылық бұлар үшін өмір салтына айналады. Ондайларға қоғамда өздерін әлеуметтік белсенділік арқылы емес, мүлдем басқаша, яғни қымбат үй, автокөлік, киім және т.б арқылы көрсету маңыздырақ болады. Өйткені қалыпты жағдайда олардың өздерін танытуына мәдени-рухани тұрғыдағы әлеуетінің таяздығы кедергі жасайды. Сондықтан бұл әлеуметтік топ пайдакүнемдік, либералдық-мещандық негізінде бой көтере бастайды. Отыз жыл ішіндегі ұрпақ алмасу барысында ересек өмірге аяқ басып, азаматтық қатынастарға түскен жас ұрпақ қалыптасып келе жатқан жағдайды өзгертудің орнына өздері осы ағыммен кірігіп кетті. Өйткені мемлекеттің қолында дайын ұлттық идеяның болмауынан ол бастапқыда бұқара халыққа дәстүрге берік болу керек дегеннен басқа ештеңе ұсына алмады. Алайда осыған қарамастан, дәстүрлердің сыртқы ғұрыптық көріністерімен әуестену және шамадан тыс тұтыну философиясы одан бетер күшейе түсті. Яғни терең мағыналы ұлттық дәстүрді жаңғыртудың орнына, кейбір фольклорлық-сахналық, тіптен әдет-ғұрыптарға жатқызуға келмейтін қайсы бір жоралғылар дүниеге келе бастады. Олар шала жансар дәстүрімізді тұтынушылық «мәдениетпен» қосақтап қойды. Бұл барып тұрған жаңадан қалыптасқан сайраншылдық, тойшылдық және бейқам өмір салты еді.
Бұған тәуелсіздікке енді ғана қол жеткізген қоғамға ентелеп еніп, төріне шығып келе жатқан батыстық либералдық-демократиялық құндылықтарды қосыңыз. Бұларға еліктеушілік елдің ішінде мәдени-құндылықтық айырмашылықтар тудыра бастады. Ол онсыз да қайтадан толыққанды тіріліп болмаған тіліміз бен діліміздің, төл дәстүрлеріміздің жан-жақты тереңдеп дамуына кедергі жасады. Қазақстандық бірегейлік пен патриотизмді де тежеді. Осыдан болар, кейбіреулер мемлекеттік Әнұранымызды дауыстап айтуға қымсынды, шетелге шыққанда ғана өзінің Қазақстанның азаматы екендігі есіне түсіп, ал ел ішінде ол туралы көп ойланбайтындай жағдай туды. Көріп отырғанымыздай, ұлттық сана-сезім мен ұлттық дәстүрлер ескілікпен әуестенушілік пен «судай жаңа либералдық құндылықтардың» көлеңкесінде қалып қойды.
Жапсарбай ҚУАНЫШЕВ,
қоғам қайраткері,
саясаттанушы ғалым
Рухани құндылықтар және ұрпақ тәрбиесі
Қазақстан • Кеше
Екінші сессия: маңызды шешімдер мен мазмұнды заңнамалар
Үкімет • Кеше
Күмбірле күн астында, домбыра-рух
Руханият • Кеше
Маңғыстаудың экологиясы «боздап» тұр
Экология • Кеше
Қазақстан • Кеше
Спорт • Кеше
Жаңа сын-қатерлер сыртқы саясаттан сергектікті талап етеді
Қазақстан • Кеше
Түркі ынтымақтастығы және ғылыми интеграция
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
АҚШ Еуропадағы әскери күштерін нығайтуда
Әлем • Кеше
Тартымды жобаларға инвестор дайын
Экономика • Кеше
«Тур де Франс» додасы басталды
Спорт • Кеше
Экономика • Кеше
Мектеп асханасында – мейрамхана бағасы...
Қоғам • Кеше
Медицина • Кеше
Абыз басылымның ғасырлық мерейтойы
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
«Күй ойнайды қазағымның қанында»
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Аймақтар • Кеше
Мүлік кепілін бес минутта шешуге болады
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Медициналық пойыз – Жетісу облысында
Медицина • Кеше
Туризм • Кеше
Президент АЭС саларда Түркияның тәжірибесін зерделеуді тапсырды
Қазақстан • Кеше
Қазақстан мұнай өндіру көлемін ұлғайтады
Қазақстан • Кеше
ШҚО-да заңсыз аң аулаудың 11 дерегі анықталды
Аймақтар • Кеше
Электр энергетикасы туралы заңға өзгерістер енгізілді
Президент • Кеше
Экоминистрліктің кадр саясаты қалай жүруде?
Экономика • Кеше
Түркістанда суға батып кеткен үндістандықтар әлі табылған жоқ
Аймақтар • Кеше
Ақын Мұхтар Шахановтың 80 жасын тойлау Түркиядан басталды
Руханият • Кеше
Шымкентте ЖШС директоры 3 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді
Аймақтар • Кеше
Президент Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді
Президент • Кеше
Қазақстанда қаңтар оқиғасы бойынша 445 адам сотталды
Қазақстан • Кеше
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқарма басшысы сотталды
ANTIKOR • Кеше
ҚТЖ мен Әлия Назарбаева арасындағы келісімшарт күшін жояды
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп келеді
Коронавирус • Кеше
Ұқсас жаңалықтар