Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 13-14 тамызда Ресей Федерациясының Уфа қаласында UWW Грепплингтен кадеттер мен жастар арасында әлем чемпионаты өтті.
«Әлем чемпионатында UWW Грепплингтен аға бапкер Асқар Исағалиев дайындаған атыраулық үш спортшы бақ сынады. Чемпионаттың алғашқы күні 42 келі салмақта Мейрамбек Айғалиев 5 кездесу өткізіп, күміс жүлдені иеленді. Ал, 58 келіде сынға түскен Зубариев Денихан 4 қола жүлдеге ие болды. Кеше, 14 тамызда 50 келі салмақта бақ сынаған Рахымжан Тұрғанбек әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.