Қазақстан • 16 Тамыз, 2021

Мемлекет мүгедектерге қандай көмек көрсетеді?

526 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылғы қаңтар-шілде айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 180,5 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 47,8 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекет мүгедектерге қандай көмек көрсетеді?

ҚР Еңбек және халықты елуметтік қорғау министрлігі 2021 жылдың шілде айында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 26,1 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 6,5 млрд теңге жұмсалғанын мәлімдеді.

2021 жылғы 1 тамыздағы жағдайға қарағанда, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 526,1 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 160,9 мың адамды құрайды.

Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдар санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңында белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша мүгедек адамдарға қарастырылған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 49 556 теңгені, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 40 606 теңгені құрады.