Аймақтар • 16 Тамыз, 2021

Алматыда бір көше уақытша жабылады

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Төле би көшесі 25 қыркүйекке дейін ішінара жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда бір көше уақытша жабылады

«Жол жөндеу жұмыстарына байланысты ағымдағы жылдың 14 тамызы мен 25 қыркүйегі аралығында Төле би көшесінің бойындағы жолдың Байтұрсынов көшесінен Яссауи көшесіне дейінгі бөлігінде автокөліктердің қозғалысы жартылай жабылады. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және маршрутты алдын ала реттеуіңізді сұраймыз», деді қалалық мобильділік басқармасы.

Момышұлы көшесі - Райымбек даңғылының көлік қиылысында жол жұмыстарына байланысты тамыздың 13-і мен 23-і аралығында Момышұлы көшесі бойындағы көпірде көліктердің қозғалысы жартылай жабылады.