Аймақтар • 16 Тамыз, 2021

Шекарадан өткендерге жалған ПТР анықтамасын сатқан фельдшер ұсталды

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының тұрғыны «Құрық» порты арқылы мемлекеттік шекарадан өту үшін ПТР тесттерін қолдан жасап, сатқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шекарадан өткендерге жалған ПТР анықтамасын сатқан фельдшер ұсталды

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың айтуынша, теңіз портында фельдшер болып жұмыс істейтін 21 жастағы жергілікті тұрғын жолаушыларға жалған ПТР анықтамасын сатқан.

«Жалған анықтаманың бағасы 3-10 мың теңге аралығында болды. Тұрғылықты жерінде тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде күдіктіден 48 жалған ПТР тесті, құжаттарды дайындауда қолданылған, іске асыруға дайын басқа да кеңсе жабдықтары алынды», деді ол.

Бұл факті бойынша тергеу басталды, оның барысында тергеу күдіктінің қылмыстық әрекетінің нақты ауқымын және мемлекеттік шекараны кесіп өткен адамдардың санын анықтауға тиіс.

Ішкі істер министрлігі жалған құжат жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде, ал оны қолданғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу түрінде жаза қарастырылғанын еске салды.