Әлем • 16 Тамыз, 2021

Өзбекстан жеріне Ауғанстан әуе күштерінің ұшағы құлады

2395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанның Сурхандария облысында Ауғанстанның белгісі бар ұшақ құлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзбекстан жеріне Ауғанстан әуе күштерінің ұшағы құлады

Фото: pixabay.com

Gazeta.uz ақпаратына сәйкес, 15 тамыз күні кешке Ауғанстан әуе күштерінің сәйкестендіру белгілері бар ұшақ Сурхандарья облысының Шерабад ауданында апатқа ұшырады. Ғаламторда апатқа ұшыраған ұшақтың бөліктері мен зардап шеккендердің фотосуреті тарады.

Елдің Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі жағдайды зерттеп жатқанын айтты.

Газет дереккөзінің хабарлауынша, екі ауған сарбазы ауруханаға жатқызылған.

Кейбір ақпарат көздерінің айтуынша, ұшақтағылар парашютпен секіріп үлгерген.

Айта кетейік, 14 тамызда Өзбекстан шекарадан өткен 84 ауған әскери қызметшісін уақытша қабылдап, оларға медициналық көмек көрсетті.

Соңғы жаңалықтар