Бірінші жағдай, Ж. есімді 26 жастағы азаматша төңірегінде болған. Ол интернет-ресурстарды пайдалана отырып, азаматтарды микрокредиттік ұйымдарының бірінде тауарлық несие алуға үгіттеген.
«Әр түрлі сылтаулармен азаматтардың жеке куәлік, банк карталары деректерін иемденіп, олардың атына әр түрлі МҚҰ онлайн-қарыздарын рәсімдеген. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті осыған ұқсас 6 іске қатысы бар болғаны дәлелдеді. Ж. есімді азаматшаның іс-әрекетінен келген жалпы шығын шамамен 1 миллион теңгені құрады», деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Алматы полицейлері ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған «Anti-Fraud» республикалық операциясын іске асыруда. Жаттығу 9 тамызда басталып, 15-ші тамыз күні аяқталды.
«Операция барысында қамалғандар қатарында Алматы облысының тумасы, 31 жастағы А. есімді азамат тұтқындалды. Ол да адамдарды алдап, олардың атына шағын несие рәсімдеген. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті осыған ұқсас тағы 8 қылмыс жасағаны үшін сотталды», деп атап өтті Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.