01 Мамыр, 2010

ЖАЗУШЫ ЕСІМІ БЕРІЛЕТІН БОЛДЫ

561 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сәбит Мұқановтың туғанына 110 жыл толуына арналған көлемді шара жайдары жазда аталып өтпек. Оған дейін ұйымдастырылған ал­қа­лы басқосулар академик жазу­шы­ның өмірі мен шығармашы­лы­ғын әр қырынан танытты. Сондай республикалық ғылыми-тәжіри­бе­лік конференциялардың бірі “Сә­бит Мұқанов: ұлттық әдебиет, мәдениет және тарих” деген атпен М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де өтті. Оған ақын Кәкімбек Салықов, бас­қа да өнер қайраткерлері қаты­сып, Сәбең жайлы естеліктер айтты. Ал  облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында еліміздің бір топ зиялы қауымының, жұрт­шылықтың Тимирязев ауданына жерлесіміздің есімін беру туралы ұсыныстары халық қалаулылары тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Сөйтіп, Қызылжар өңірінде барлық аудандар қазақшаланды. Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында көпір құлады

Төтенше жағдай • Кеше