Тәуелсіздік • 16 Тамыз, 2021

Тараз қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 игі іс жалғасуда

543 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен Тараз қаласында 30 игі іс жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тараз қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 игі іс жалғасуда

Биылдың өзінде облыс орталығында 30-дан астам көше жөнделуде. Бұл мақсатқа бюджеттен 1 миллиард, 120 миллион теңге қарастырылған. Қазіргі кезде Тараздағы Б.Момышұлы көшесі күрделі жөндеуден өтіп, көптеген көшелер мен бұрылыстарға да асфальт төселуде.

Тараз

Сонымен қатар, Тараз қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 спорт нысаны салынуда. Оның ішінде 13 нысан «Таразға тарту» жобасы аясында ел игілігіне берілді. Ал, 4 жаңа футбол алаңы мемлекет есебінен салынған.

Футбол алаңы

Сондай-ақ, аталған нысандардың ішінде Мұз айдыны, бокс сарайы, үстел теннисі мен гимнастика орталығы және өзге де нысандар бар.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, 30 балалар алаңы ашылады деп жоспарлануда. Оның ішінде 13 нысан «Таразға тарту» жобасы аясында ел игілігіне берілген. Ал, 12 нысан мемлекет есебінен салынып жатқан болса, 5 нысан демеушілер есебінен салынуда. Алаңдар 2-7 жас, 7-14 жас және 14 жастан жоғары болып бөлінген. Қауіпсіздік үшін арнайы жабындылар төселіп, жаттығуға қажетті құралдар орнатылған.

Алаң

Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30-дан астам көшені жарықпен қамтуға 200 миллион теңге бөлінген. Бұл қаражатқа биыл 34 көше жарықтандырылады. Әсіресе, балабақшалар мен мектептерге баратын жолдарға да баса назар аударылады.

Тараз қаласында 2021-2023 жылдарға арнайы жоспар бекітілген. Алдағы 3 жылда 207 нысан жарықтандырылса, ұзындығы 261,8 шақырым болатын 230 көше мен бұрылыс жөнделіп, 241 аула абаттандырылады.