«2021-дің қорытындысы бойынша Қазақстан ІЖӨ-і 4 пайызға өседі деп болжаймыз. Екінші жарты жылдықта санитарлық шектеулердің әлсіреуіне байланысты тұтынушылық сұраныс қалпына келеді деп күтілуде. Мемлекеттік қолдаушаралары мен бюджет саясаты экономикалық белсенділікке қолдау көрсетіп отыр. Мәселен, қолжетімді баспана бағдарламасы құрылыс секторын экономиканың бастықозғаушы күші ретінде ұстауда. Ал трансшекаралық қозғалыстарға салынған шектеулердің алынуы бір уақытта болмайтыны себепті, халықаралық туризм және транспорттық-логистикалық саладағы белсенділік біршама тежеледі», дейді банктің бас экономисі Евгений Винокуров.
Сарапшылардың айтуынша, мемлекеттік қолдау шаралары экономикаға тың серпін берді. Өз кезегінде құрылыссекторы экономика драйверіне айналды. «Бизнестің жолкартасы», «Қарапайым заттар экономикасы» және «Еңбек» бағдарламалары аясында шағын және орта бизнеске қолдау көрсетілді. Экономиканың өзге секторларына мән берген кезде байланыс және бөлшек сауда кәсіпорындарының жұмысы алға басқанын байқауға болады.
«Биыл орын алған су тапшылығы мен қуаңшылық ауыл шаруашылығының тұрақты даму динамикасына қауіп төндірмек. Тау-кен саласында да екінші ай қатарынан құлдырау байқалады», делінген шолуда. Ал банк инвестициялық белсенділік қайта қалпына келуде деп жазады. Қаңтар-маусымда капитал салымдары 1,8 пайызға төмендеген. Өңдеу саласы инвестициялық динамиканың өсуіне себеп болып отыр. 2020 жылдың тап сол кезеңімен салыстырғанда 2021-дің I тоқсанында тікелей шетелдік инвестиция бес есе төмен болған.
«Қазақстанда тұтынушылық инфляция маусым-шілдеде 7,9 және 8,4 пайызға дейін жылдамдады. Мамыр айында ол 7,2 пайыз болған еді. Ұлттық банк 26 шілдеде базалық ставканы 9,25 пайызға көтерді. Бұл инфляциялық тәуекелдердің алдыналу үшін жасалды. Әлемдік азық-түлік нарығы тарапынан болған инфляциялық қысымдар жылдың екінші жартысында әлсірейді деп ойлаймыз. Бұл өз кезегінде инфляцияның жылдық динамикасын баяулатады. Алты айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет тапшылығы 1,1 трлн теңгені құрады. Трансферттер 32,3 пайызға азайды. Жалпы алғанда мемлекеттік бюджет табысы 2,5 пайызды құрап отыр. Мұғалімдер жалақысының 25 пайызға өсуі және әлеуметтік жәрдемақы мен қарызды қаржыландыруға байланысты шығындар бөлігі 12,4 пайызға артты», делінеді даму банкінің зерттеуінде.
Бас экономист Е.Винокуровтың айтуынша, халықаралық жолаушылар айналымының қалпына келуі және тауар тасымалы тізбегінің толыққанды жүзеге аса бастауы шетелдік инвестициялар өсімі үшін импульс болмақ. Ал Теңіз кенішіндегі мұнай өндірісінің артуына байланысты Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 2022-2023 жылдары 4,5 және 5 пайызға дейін жоғарыламақ.
«Әрине, болжамның жүзеге асуы пандемияның әрі қарай қалай өзгеретініне байланысты. Вакциналау қарқыны артып, оның коронавирустың таралуын азайтуға себеп болуы – біздің базалық сценарийіміздің негізі. Дегенмен індеттің таралуы және сақталуы маңызды тәуекел факторы екенін ұмытпаймыз. Базалық болжам бойынша жылдық инфляция Қазақстанда жыл соңына таман 7 пайызға дейін баяулайды», дейді сарапшы.
Жақында өткен үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев соңғы төрт жылда елдегі инфляция деңгейінің рекордтық меже – шілде айында 8,4 пайызға дейін жеткенін айтқан болатын. Бұған себеп ретінде ол – азық-түлік нарығындағы теңсіздікті, Ресейдегі инфляцияның өсуін және шикізатқа деген жаһандық бағаның көтерілуін атаған.