«Өңірдегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін емханалар, отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар пациенттерді жоспарлы қабылдауды уақытша тоқтатты. Сырқаты бар адамдарды жоспарлы қабылдау – скринингтер, медициналық тексерулер, дәрігерлердің профилактикалық тексерулері. Енді тұрғындар тұрақты мекенжайы бойынша емхананың тіркеу бөліміне хабарласып, медицина мамандарынан онлайн-форматта кеңес алуына болады», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Дәрігерге шұғыл жүгіну шақыртуларын қабылдау жалғаса береді. Емханалардағы егу бекеттері демалыссыз жұмыс істейді.