Экономика • 17 Тамыз, 2021

Мүлік және жер салығын қалай төлеуге болады?

420 рет көрсетілді

2021 жылдың 1 қазанына дейін қазақстандықтар мүлік пен жер салығын төлеуі тиіс, деп жазады Egemen.kz ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің facebook-тағы мәліметіне сілтеме жасап.

Осы орайда комитет мамандары салық заңнамасына өзгеріс енгізілгенін еске салды. Оған сәйкес, 2020 жылы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғалардың меншік құқығына тиесілі жер учаскелері және жылжымайтын мүлік бойынша салықтар бірыңғай мүлік салығы болып біріктірілді. Сол себепті салықтың есептелген сомасы жылжымайтын мүлік пен жер учаскесі бойынша міндеттемелерді қамтиды және бірыңғай сомамен төленеді.

«2020 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылғы 1 қазанда аяқталады»,  дейді мамандар.

Салық сомасын қайдан көруге болады

Мүлік салығының сомасын төлеу мерзімі басталғанға дейін «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасында, сондай-ақ Kaspi.kz және Homebank банктерінің мобильді қосымшаларында kgd.gov.kz «Алдағы төлемдер» сервисінен білуге болады. Сол жерде бірден төлем жасауға да мүмкіндік бар.

 

Соңғы жаңалықтар

ПИК пен МИБ-тің «шайқасы»

Қазақстан • Кеше

Көлікқұмарларға арналды

Экономика • Кеше

Қымбат ем-дом қолжетімді

Медицина • Кеше

Өлке тәжі – Өлеңті

Аймақтар • Кеше

Ақшоқыда арқар атқан...

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар