Коронавирус • 17 Тамыз, 2021

Алматыда коронавирус жұқтыру қаупі жоғары орындар анықталды

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы Жандарбек Бекшин алматылықтар жиі вирус жұқтыратын бес жерді атады, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда коронавирус жұқтыру қаупі жоғары орындар анықталды

«Бүгінде инфекция жұқтыру қаупі жоғары бес орынға: сауда объектілері - 35% (өсім 3%), отбасылық байланыс - 18%, қоғамдық көліктер - 17,6% (өсім 1,4%), базарлар - 13% (көпшілік азық-түлік базарында жұқтырады), той, мерейтой, еске алу сынды отбасылық іс-шараларда вирус жұқтыру деңгейі 3,5%-ға дейін күрт өсті (2,1% өсім)», деді Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бұған дейін Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің «Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары туралы» жаңа қаулысы жарияланған болатын.