«Соңғы он күнде вакцина салдыру динамикасы жақсарғанына қарамастан, аудандардағы көрсеткіш әлі де төмен. Атап айтқанда, Жылыой ауданында – 19,5, Мақатта – 28,2, Исатайда – 36,2, Қызылқоға ауданында тұрғындардың 36,5 пайызы вакцина алды. Сол себептен, осы мәселеге қатысты ахуалды тікелей өз бақылауымда ұстаймын», дейді Махамбет Досмұхамбетов.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтың айтуынша, 16 тамызда инфекциялық стационарлардың жансақтау бөлімінде 87 науқас жатқан. Оның ішінде 15 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Махамбет Досмұхамбетов тұрғындар арасында түсіндіру жұмысын жандандырып, вакцинадан бас тарту себептерін анықтауды тапсырды.
«Вакцина алмаған адамдар қауіп аймағында болады. Егер біз адамдардан айырылғымыз келмесе, әдеттегі өмір ырғағына оралуды қаласақ, мүмкіндігінше көп адам екпе алуы керек. Сондықтан вакцина салдыруды кейінге қалдырмаған жөн», деді облыс әкімі.