Аймақтар • 17 Тамыз, 2021

Алматыда тәулігіне 8 мыңға жуық тұрғын жедел жәрдемге жүгінеді

249 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласы жедел жәрдем қызметі директорының орынбасары Андрей Ложкин Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде пандемия кезіндегі фельдшерлер жұмысының қиындығы мен оларға түсетін ауыртпалықтар туралы мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда тәулігіне 8 мыңға жуық тұрғын жедел жәрдемге жүгінеді

Андрей Ложкиннің айтуынша, жыл басында жедел жәрдем қызметіне орта есеппен 3200-ге жуық қоңырау түссе, қазіргі кезде жүктеме екі есе өсіп, күніне 6400-ге жуық адам қоңырау шалады.  

«Ең жоғары көрсеткіш шамамен бір апта бұрын байқалды. Жедел жәрдем шақырған өтініштер саны 8 мыңға жетті. Сонымен қатар жедел жәрдем бригадаларының жүктемесі өсті, күніне шамамен 15 қоңырау түседі. Жыл басында күніне 8-10 қоңырау шалынатын. Қаланың жедел жәрдем қызметіне сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін және 18.00-ден 24.00-ге дейінгі қарбалас уақытта түрлі өтініштер түседі. Кейде шақыртуларға қызмет кешігіп көрсетіледі. Бастысы,  пациент өміріне қауіп төнген шақыртуларға бірінші кезекте қызмет көрсетіледі», деді А. Ложкин. 

Ол жедел жәрдемде жас мамандардың тапшы екенін айтады. Жалпы, жедел жәрдем қызметі тәжірибелі дәрігерлермен қамтылған. 

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, А. Ложкин жедел жәрдем шақырған кезде бастапқы автоматты сәлемдесу 17 секундтан 12 секундқа қысқарғанын мәлімдеді. Бұрын жедел жәрдемге қоңырау шалу қиын болғаны рас, өйткені байланыс арналары шектеулі, 30 ғана болды, резервте тұрғаны – 20. Бүгінде Алматыда жедел жәрдемнің 60 байланыс арнасы іске қосылған, диспетчерлер саны да ұлғайды – ауысымда 12 адамнан 16 адамға дейін бар. 

Жедел жәрдем қызметінің 103 нөміріне хабарласа алмаған жағдайда деректерді автоматты түрде 112 қызметіне жіберуге болады.

А. Ложкин физикалық ауыртпалықтардан басқа, жедел жәрдем дәрігерлеріне моральдық жүктеменің артқанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025