Аймақтар • 17 Тамыз, 2021

Атырауда 23 млн теңгенің балығы заңсыз ауланған

442 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы «Жайық-Каспий» облысаралық балық шаруашылығы инспекциясының мамандары мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.

Атырауда 23 млн теңгенің балығы заңсыз ауланған

Инспекцияның Құрманғазы аудандық бөлімінің қызметкерлері шекара қызметкерімен бірлесіп 15 тамызда рейдтік іс-шара өткізген.

«Іс-шара кезінде Құрманғазы ауданындағы Иголкино каналы бойынан шағын кеме тексерілді. Кемеден 4 тонна 361 келі балық тәркіленді. Оның ішінде 2563 келі сазан,  83 келі сыла, 772 келі жайын, 264 келі мөңке, 360 келі шортан, 319 келі көксерке балығы Иголкино учаскесінен тиым салынған мезгілде заңсыз ауланған. Тәркіленген балықтар сол күні «Амангельды» ЖШС-не тапсырылды. Ал шағын кеме Құрманғазы балық инспекциясы бөлімінің тұрағына қойылды», деп хабарлады инспекция мамандары.

Аталған балық түрлерін заңсыз аулаудан мемлекетке 23 161 563,4 теңге көлемінде шығын келгені анықталып отыр.