«Осы пойызды іске қосудағы басты мақсатымыз – жолаушыларға қолайлы жағдай туғызу. Сапарыңыз сәтті болсын!», деді Махамбет Досмұхамбетов.
Пойыздың жүруін асыға күткен жолаушының қатарында Раушан Иманбаева да бар.
«Біз бұл пойызды ұзақ күттік ғой. Енді міне, ауылымызға пойызбен барамыз. Автокөлікке қарағанда, пойызбен жүру жайлы болады ғой», дейді ол.
Пойыз құрамында 3 вагон бар. Атырау қаласынан жергілікті уақытпен сағат 11:00 -де, ал, Д.Нұрпейісова бекетінен 18:42-де шығады.