Әлем • 18 Тамыз, 2021

Ауғанстаннан келген қандастар туыстарын елге әкелуді сұрады

624 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық қандастар Ауғанстаннан өз туыстарын шығаруға көмек сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz Aibat-қа сілтеме жасап.

Ауғанстаннан келген қандастар туыстарын елге әкелуді сұрады

Бибісара Мырзашақұлова Ауғанстаннан Қазақстанға 27 жыл бұрын көшіп келген. Мұнда оның отбасы қандас мәртебесін алды. Зейнеткердің 14 баласы бар, қазір екі қызы Ауғанстанның Мазари-Шариф қаласында тұрады. Оның айтуынша, қаладағы жағдай өте күрделі, сондықтан Бибісара Мырзашақұлова өз балаларының Қазақстанға оралуын қалайды.

«Кешеден бері қыздарым көз жасын төгіп отыр. Олар бұл соғыста өлеміз дейді. Менің туыстарым бар, қыздарым сонда тұрады. Маған не істеу керек? Олар кышлакта тұрды, ал тәліптер оны басып алды. Осыдан кейін балалар қалаға қашып кетті, сол жерде де соғыс басталды. Енді олар қайда барарын білмейді. Үйде азық та жоқ дейді»,  деп шағымданады әйел.

Ауған жерінен келген Абдусаттар Мухаммедалидің туыстары да қиын жағдайға тап болды.

«Олардың Қазақстанға оралуы үшін көмек керек. Менің ол жақта бес ағам бар, әпкелерім де бар. Олар мүмкіндігінше осында қоныс аударғысы келеді. Ауғанстанда адамдар қорқынышта өмір сүреді. Менің ағаларымның екі баласы тәліптрге қарсы қанды соғыста қайтыс болды», деді Абдусаттар Мухаммедали.

Қазақстан билігі қандастарға өз туыстарын Ауғанстаннан шығаруға көмектесе алмайтындықтарын мәлімдеді, себебі, олар республика азаматтары болып табылмайды.

Еске салсақ, бұған дейін Президенттің баспасөз хатшысы Ауғанстаннан келген босқындар туралы қауесеттерге түсініктеме берген болатын.