Қоғам • 18 Тамыз, 2021

Қазақстанда әуе жолаушыларының саны екі есе өсті

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша, отандық әуе компаниялары тасымалдаған жолаушылар саны екі есеге артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда әуе жолаушыларының саны екі есе өсті

Әуе рейстері біртіндеп қалпына келтіргеннен кейін былтырмен салыстырғанда көрсеткіштер өсті. Жыл басынан бері тасымалданған жолаушылар саны 96% артып, 5,1 млн адамға жетті.

Былтыр осы кезеңде отандық әуе компаниялары тасымалдаған жолаушылар саны - 2,6 млн, 2019 жылы 4,6 млн болған. Ал, әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны 58% артып, 8,1 млн адамды құрады.